Басылымның маусым айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Діни құндылықтар дұрыс дәріптелсін» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти хазреттің «Тектілікке тәрбиелейтін тұжырым» мен «Рамазан – Құран түскен ай», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Тариқ» сүресі, «Ғибадат» айдарымен «Тарауих намазы», «Сахих хадистер» айдарымен «Ауыз ашуға асығыңыз», «Насихат» айдарымен «Он екі айдың шамшырағы», «Білгенге маржан» айдарымен «Жарамазан» мен «Сәресінің қасиеті», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Науқас адамның оразасы», «Шариғат» айдарымен «Өзекті жанға – бір өлім», «Пәтуә» айдарымен «Түйенің зәрін емдік мақсатта ішудің үкімі», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Ерлердің ауыр сынағы», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Уағыз» айдарымен «Кешірімділік пен жұмсақтық», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен «Тәкфир мен һижрат», «Жауһар жыр» айдарымен «Не артық?», «Әдеп» айдарымен «Сіз түшкіріп, есінесеңіз...», «Құлшылық» айдарымен «Алла Тағаланы зікір ету», «Ақида» айдарымен «Жаратылысқа қарап Алланы таны» атты мақалалар жарық көрді.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланды. Атап айтқанда:
«Тағылым» айдарымен «Абай мен Шәкәрімнің діни ұстанымы», «Хикаяттар» айдарымен «Ақылды бала», «Пайым» айдарымен «Мінез», «Даналық» айдарымен «Әйтеке би Бәйбекұлы», «Салиқалы сұқбат» айдарымен «Шындықты емес, ақиқатты айта білу керек», «Сауап» айдарымен «Салиқалы ұрпақ қоры», «Ұлттық ойын» айдарымен «Жамбы ату – жауынгерлік өнер», «Шипа Алладан» айдарымен «Құрма жеңіз», «Үміткер» айдарымен «Әбу Ханифа медресе-колледжі» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі айдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.05.2017
3841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру