Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Смағұл ЕЛУБАЙ: «ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ» РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА БАСТАЙТЫН КІТАП

23.05.2017 4278 0 пікір

Жазушы-қаламгер Сұмағұл Елубай Ғұламалар кеңесі дайындаған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімінде осылай деп пікір білдірді.

Ұлттық кітапханада өткен шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым өкілдері, журналистер, жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Бұл кітап қолыма тие салысымен көз алмай оқып шықтым. Кітап анық та түсінікті, әрі жанға жағымды тілмен жазылған. Кітаптың соңғы бетін жапқанда әттеген-ай деген жоқпын. Халықты бірлікке шақыратын діни, дәстүрлі жоралғылар толық қамтылған. Өлім келмей тұрып өмірдің қадірін білу керек. Бұл өлімді еске алу және өлімнен кейінгі өмірге дайындалу арқылы жүзеге асады. Адам өлімді еске алмайтын болса, дайындық та жасамайды. Өлім – ең үлкен уағызшы. Бұдан ғибрат алу керек. Мазардың қасынан өткен кезімізде ата-бабаларымызға дұға етуіміз керек. Олардың жағдайынан ғибрат алғанымыз жөн. Кітап осы тұрғыдан да ғибратты. Бұл тәрбиелік, ұлтты біріктіретін, рухани тұрғыдан жаңғыруға бастайтын  кітап деп білемін», – деді Сұмағұл Елубай.

Дөңгелек үстелге қатысқандар қазіргі қоғамда талқыланып жүрген мәселелердің бірі қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою, мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары, діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру мәселелері ұсыныс пікірлерін айтты.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру