Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

22.05.2017 3893 0 пікір

Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының тапсырмасына орай, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті журналистерге арнайы шеберлік сыныбы өткізілді. Қоғамдық бірлестіктің шақыруымен арнайы барған ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы тілшілер мен болашақ журналистерге «Діни салада мақала жазудың әдіс-тәсілдері: теориядан тәжірибеге дейін» деген тақырыпта тренинг жүргізді.

Ағабек Қонарбайұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін діни салада мақала жазуда аса байсалдылық танытуға шақырып, осы бағытта өзінің тәжірибесімен бөлісті. Тренинг екі бағытта жүргізілді. Біріншісі – теориялық, екіншісі – тәжірибелік. Тренингке қатысқан тілшілер тақырып қою шеберлігін, діни ақпаратты беру тәсілін, мақаланы беру әдісін, материалда сызбалар, кестелер, т.б. пайдалану үрдісін үйренді. Дәріс соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

www.muftyat.kz   


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру