Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент өңірінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің бір күндік семинары өтті (ФОТО)

16.05.2017 4110 0 пікір

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент өңірінде бір күндік оқу-семинары өтті. Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мешіт имамдарының жұмыстарын жандандыру және қала тұрғындары мен медресе шәкірттерінің білімдерін жетілдіру болып табылады.

Семинар жұмысы Шымкент қаласы орталық мешітінде «Халал ас - дініміздің діңгегі» тақырыбында имамдарға дәріс берумен басталды. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиев сөз бастап, «Халал астың хикметі не?» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Темур Аманкулов өңіріндегі Халалдың дамуының мән жайын баяндап берді.

Жоспар бойынша келесі кездесу Шымкент қаласы орталық мешітінің әйел-қыздар жамағаты мен медресе шәкірттерін оқытумен жалғасты. Оқыту жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы жүргізді. Семинар барысында түрлі тақырыптар қозғалып, сарапшы маман әзірлеген видеоролик пен презентация назарға ұсынылды.

Жалпы, қорытындылап айтсақ, семинар жоспарланған күн тәртібі бойынша атқарылып, сәтті аяқталды. Білімді мамандардың айтқан сөздері мен пікірлерін ұйып тыңдаған қала тұрғындары бұл жиыннан терең мағыналы ой түйгені сөзсіз.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру