Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Каз Снек Сауда» ЖШС компаниясына «Халал» стандарт енгізілді

12.05.2017 6098 0 пікір

«Каз Снек Сауда» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның «Халал» стандарты бойынша тексерістен өтіп, сертификатқа ие болды. Кәсіпорынның шикізаты мен дайын өнімдері арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.

Аталмыш кәсіпорын 2009 жылдан бастап жеңіл тамақ нарығында өз өнімдерін өндіруде. Өнімдері Қазақстан аумағында кеңінен таралуда. Каз Снек Сауда кәсіпорыны өндіретін өнімдері келесідей: ТМ «Flint» қытырлағы, ТМ «Казахстанские №1» қуырылған дәні және күнбағыс жаңғақтары, ТМ «Big Bob» және «Jet» қуырылған тұзды пістесі, сонымен қатар ТМ «HROOM» картоп чипсиі.

Кәсіпорынның өндірістік аймағы Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 496 «а» мекен-жайында орналасқан.

ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру