Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз қаласы медресесінде «Халал астың маңыздылығы» атты семинар өтті

27.04.2017 3799 0 пікір

Сәуір айының 26 күні ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы медресесінің әйел-қыздар жамағатына «Халал астың маңыздылығы» атты оқу-семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нурмаджан және «Халал Даму» ЖШС-нің сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы қатысты.

Кездесу барысында «Халал Даму» ЖШС-нің өкілі сөз бастап,  Халал және Харам түсінігіне кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, төмендегі тақырыптар бойынша сарапшы маманның презентациясы көрсетілді: «Қазақстандағы Халал индустриясы», «Е тағамдық қоспалары», «Халал стандарттар» және «Халал» сертификатқа ие болған мекемелер жайында сөз қозғалды.

Жалпы, қорытындылап айтсақ семинар жоспарланған күн тәртібі бойынша атқарылып, сәтті аяқталды. Халал және Харам мәселесі кеңінен сөз болған кездесуде жиналған әйел-қыздар жамағаты көп жайттардан хабардар болды. Бағдарлама барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру