Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қонақ үйлерге «Халал» стандартты енгізу туралы кездесу өтті

18.04.2017 4043 0 пікір

«EXPO 2017» халықаралық көрмесіне орай, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің ұйымдастыруымен, серіктес қонақ үйлер басшылықтарының қатысуымен, қонақ үйлерге «Халал» стандартты енгізу туралы кездесу өтті.

Кездесуге «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің директор орынбасары Амантай Абилов, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиев, «Халал Даму» ЖШС-нің сарапшы маманы Алмагуль Қуанышқызы және Астана қаласының серіктес қонақ үй басшылықтары қатысты.

Кездесу ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиевтің баяндамасымен  басталды. Бөлім меңгерушісі өз баяндамасында келесідей мәселелерді қамтып өтті: Халал бөлімін ашу себептері, «Халал Даму» ЖШС құрылуы, қызметкерлері, стандарттары және жалпы құрылымы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, қонақ үй басшылықтарына «Шариғат әдебіне сай қонақ үй қызметі» тақырыбындағы сарапшы маманның презентациясы таныстырылды.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру