Басылымның наурыз айындағы санында жарияланған материалдарға қысқаша шолу жасайық.
Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел мен жер қасиетті» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти хазреттің «Бірлігі күшті ел озар», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ғашия» сүресі, «Пәтуә» айдарымен «Тағам құрамындағы қоспалардың үкімі», «Сахих хадистер» айдарымен «Ақиретте несібесі жоқ кім?», «Балаларға базарлық» айдарымен «Мәдиналықтардың Пайғамбарымызды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қарсы алуы», «Ұсыныс. Пікір» айдарымен «Дінге қасаң көзқарастан арылсақ», «Уағыз» айдарымен «Ішкілік – барлық жамандықтың көзі» «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Жастарға насихат», «Шариғат» айдарымен «Расулаллаға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бойұсыну – Аллаға бойұсыну», «Білгім келеді» айдарымен «Құран және ғылым», «Әдеп» айдарымен «Сәндену», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Құран мен ізгі амалдардың сауабын бағыштауға бола ма?», «Білгенге маржан» айдарымен «Күллі әсемдік Исламда», «Жауһар жыр» айдарымен «Ай, мұсылман жарандар!», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Даналық» айдарымен «Қазыбек би», «Хикаят» айдарымен «Қисықбас ханзада» атты мақалалар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланды. Атап айтқанда:
«Ислам ғұламасы» айдарымен «Ибн Сина», «Халық нақылы» айдарымен «Денсаулық туралы», «Ұлағат» айдарымен «Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман», «Тағылым» айдарымен «Шәді Жәңгірұлы», «Тарихи тұлға» айдарымен «Бір қазақ Тілеудей-ақ жаратылмақ», «Ақырзаман белгілері» айдарымен «Зәулім үйлер салудағы бәсеке», «Салт-дәстүр» айдарымен «Әмеңгерлік», «Адаспа, ағайын» айдарымен «Мен ... жиһадшының әйелімін», «Сақтан» айдарымен «Шайтан хақында», «Шипа Алладан» айдарымен «Құрқылтайдың ұясы» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жалғасып жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 16 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі айдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 5-іне дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.03.2017
4123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру