
Алматы қаласының KFC мейрамханалары кезекті тексерістен өтті. Тексерісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілдері жүргізді. Бақылау барысында мейрамхананың азық-түліктері, өнімдердің жарамдылық мерзімдері, қоймалары толығымен қаралды. Сонымен қатар, мейрамхана тазалығына да аса мән берілді. Өкілдердің жұмыс нәтижесі бойынша аталмыш мейрамханалардың қызметтері «Халал» стандарттың талаптарына сай орындалып жатқандығы хабарланды.
Естеріңізге салсақ, ҚМДБ сертификатына ие болған аталмыш мейрамхана өнімдері толығымен зертханалық тексерістен өткен. Қазақстандағы «KFC» мейрамханалары “Ресей Муфтиятының Кеңесімен” мақұлданған, “Халал” сертификатын алған “Белая птица” құс фабрикасының етін алады. Яғни, шариғат әдебіне сай бауыздалған құстың еті ғана қолданылады.
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.03.2017
4410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру