Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны жарық көрді

01.03.2017 4003 0 пікір

Басылымның наурыз айындағы санында жарияланған материалдарға қысқаша шолу жасайық. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел мен ердің қадірі» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти хазреттің «Өзгенің рухани құндылықтары мен идеологиялары бізге қажет емес», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Фәжр» сүресі, «Сахих хадистер» айдарымен «Көзбояушылық», «Пәтуә» айдарымен «Қабірге құлпытас қоюдың үкімі», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қоныс аударуы», «Уағыз» айдарымен «Зина – жиіркенішті амал», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Жастардың ең абзалы кім?», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Насихат» айдарымен «Құран Кәрімдегі сүннетті ұстануды бұйыруы», «Халық қазынасы» айдарымен «Бата», «Таным» айдарымен «Дін деген не?», «Білгім келеді» айдарымен «Құранның Ислам дініндегі орны», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Қаза намаздарды сүннет намазға қосып оқу дұрыс па?», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен «Әл-Каида», «Ой салу» айдарымен «Білімді білім иелерінен алу», «Пікір. Ұсыныс» айдарымен қоғам қайраткері Амангелді Айталының «Дінімізді қорғау – ұлтымызды қорғау» атты мақалалары жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Ғибрат» айдарымен «Әсемдік кремі», «Абайла да сақтан» айдарымен «Күнә берекені кетіреді», «Шариғат» айдарымен «Харам мен мәкруһ турасында», «Ислам ғұламасы» айдарымен «Ибн ән-Нәфис», «Зерде» айдарымен «Діни терминдер», «Әдеп» айдарымен «Ер адамдардың жібек киім киюі – харам», «Жыр жауһары» айдарымен «Тойымсыз нәпсі, тұрақсы дүние», «Харам» айдарымен «Ғайбатсыз өмір сүрейік», «Тағылым» айдарымен «Әбубәкір Кердері», «Үлгі» айдарымен «Әмбебап имам», «Салт-дәстүр» айдарымен «Төркіндеу», «Ақырзаман белгілері» айдарымен «Иманның жоғалуы» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жалғасып жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 16 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі айдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. 

Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.

 

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.  

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк Центр Кредит»

БИК KCJBKZKX

KBE 17

РНН 600900658515

050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру