Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН ТРЕНИНГ ӨТЕДІ (ФОТО)

14.02.2017 5029 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті жиналысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Уағыз-насихат және Баспасөз бөлімінің басшыларына облыстардағы имам-молдаларға шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, уағыз әдебі тақырыптары төңірегінде жүйелі түрде семинар-тренинг өткізуді тапсырды.

«Біз имамдарымызды күн сайын жан-жақты дамытып, жетілдіріп отыруымыз керек. Дін қызметкерінің уағыз айту тәсіліне, әдебіне мән беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, «500 зияткер имам» жобасын қолға алдық. Мұндағы негізгі мақсаттарымыздың біріимамдардың білімі мен тәжірибесін одан әрі дамытып, белсенді, үздік ағартушы дін қызметкерлерін республикалық игі іс-шараларға, жұмыстарға жұмылдыру», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы өзге де бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

www.muftyat.kz 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру