Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетінің бір қатар ұстаздарын қабылдап, оқу орнының жәй күйі жайлы сөйлесті. Университет дамуына өз үлестерін қосып жүрген Али Рафұлы, Әкімбеков Рахымжан, Қайрат Құрманбаев сында елімізге танымал ұстаздарды марапаттады.
Дінбасы өз сөзінде: "Сіздерді Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, күш-қайрат, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі мен халқымыздың болашағы жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін" деді.
Тәуелсіздігіміз баянды, дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Әумин!
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.12.2016
5286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру