Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар институтында “Тағамдық Е қоспалары” тақырыбында дәріс өтті

12.12.2016 4697 0 пікір

Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Елжанов  “Халал стандарттау” пәнінен “Тағамдық Е қоспалары” тақырыбында кезекті дәрісін өткізді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп білім алып жатқан имамдар институтында бұл пән 2015 жылдың бас кезінен тұрақты түрде өтіліп жатыр. Елімізде дін саласында қызмет атқарып жатқан имам-молдаларымызға халал индустрия бағытымен танысып, оны да жетік меңгеру өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда халал өнімдер төңірегінде туындап жатқан көптеген түйіткіл мәселелер имамдардың бұл салада біліктілігін талап етеді.

 ҚМДБ “Хала өнімдерін стандарттау” бөлімі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру