Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді мүфтияттың аймақтардағы бас имамдарына «2016 – дін және тарих тағылымы жылы» аясында «Дін және тарих» атты тақырыпта ғылыми дәріс жүргізді.
Ғалым М.Қойгелді қазақ топырағынан шыққан дін қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен олардың Ислам дінінің өркендеуіне қосқан үлесі туралы кеңінен әңгімелеп берді.
«Тарихта ұлтты жоюдың екі жолы қарастырылған. Олар – дін мен тіл. Діні мен тілінен айырылған ұлт барлық болмысынан айырылады. Сіздер, имамдар дін мен тілді сақтауда үлкен рөл атқарасыздар», – деп атап өтті тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелді.
ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев имамдарға ғибратты дәріс жүргізген ғалымға Бас мүфти атынан алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.12.2016
3987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру