Абу Зарр (Алла оған разы болсын)Пайғамбарымыздың былай депайтқанын жеткізеді. Расында Алла Тағала айтты:
«Ей құлдарым! Шынында Мен Өзімді зұлымдық қылудан тыйдым және сендерге де оны харам қылдым, сондықтан бір-бірлеріңе зұлымдық қылмаңдар.
Ей құлдарым! Мен тура жол көрсетпегендерімнен басқаларыңның барлығың адасудасыңдар, Менен тура жол сұраңдар, Мен сендерді тура жолға саламын.
Ей құлдарым! Мен тамақ бермегендерімнен басқаларыңның барлығың ашсыңдар, Менен тамақтандыруды сұраңдар, Мен сендерді тамақтандырамын.
Ей құлдарым! Мен киімдіргенімнен басқаларыңнан барлығың жалаңашсыңдар, Менен киіндіруді сұраңдар, Мен сендерді киіндіремін.
Ей құлдарым! Сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен барлық күнәларды кешіремін, Менен кешірім сұраңдар, Мен сендерді кешіремін.
Ей құлдарым! Егер де сендердің әуелгілерің, соңғыларың, адамдарың, жындарың, барлығың ең тақуа адамның жүрегінің тақуалығындай тақуа болсаңдар да, Менің мүлкімнен еш нәрсені арттырмас.
Ей құлдарым! Егер де сендердің әуелгілерің, соңғыларың, адамдарың жындарың, барлығың араларыңдағы бұзық адамның жүрегінің бұзықтығындай бұзық болсаңдар да, Менің мүлкімнен еш нәрсені кемітпес.
Ей құлдарым! Егер де сендердің әуелгілерің, соңғыларың, адамдарың, жындарың барлығың Менен бір нәрсе сұрасаңдар, ал Мен сендердің әрбіріңе сұраған нәрсесін берсем, теңізге түскен ине ондағы судың көлемін қалай азайтпайтын болса, Менің де байлығым солай азаймас.
Ей құлдарым! Сендердің қылған амалдарыңды Мен арттырып, кейін өздеріңе толығымен беремін. Сол кезде кім игілік тапса, ол Аллаға мақтау айтсын. Ал кім бұдан басқасын тапса, тек өзінен басқа ешкімді кінәламасын»
(Муслим риуаят еткен)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2016
5375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру