Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны жарық көрді

25.11.2016 3802 0 пікір

Басылымның желтоқсан айындағы саны жарық көрді. Ол негізінен ел тәуелсіздігі мен Пайғамбарымыздың () мәулітіне арналған. Мұнда жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық.

Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Азаттық – Алланың сыйы» деген мақаласымен ашылған. Одан әрі «Отанды сүю – иманнан» айдарымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіз елім – тірегім», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ләйл» сүресі», «Уағыз» айдарымен «Пайғамбарға () сүйіспеншілік», «Ұлағат» айдарымен «Алла Елшісі () пайғамбар болғанға дейін», «Сауап» айдарымен «Расулаллаға () салауат айтайық», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбарымыздың () мейірімділігі», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Пайғамбарымыз () қабірінде тірі ме?», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Ең жақсы тәубе», «Салауат» айдарымен «Сәруар болған Мұхаммед (, «Сұқбат: сараптама» айдарымен Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы, дінтанушы Ерсін Әміремен «Сәләфилікке ... тыйым салмаса болмайды», «Данадан үйрен» айдарымен «Ісіңмен насихат айт», «Әдеп» айдарымен «Ата-анаға тіл  тигізбеу», «Парыз» айдарымен «Қарыздың зекеті беріле ме?», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысалық» деген тақырыптармен жарияланған мақалалармен оқырмандар таныса алады.


Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Тарихи дерекнама» айдарымен «Қазақтар ... құлдыққа да сатылған», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Өзіңізге өлім тілемеңіз», «Шариғат» айдарымен «Ораза туралы», «Зекет турасында», «Өкініш» айдарымен «Адаспаңдар, бауырлар!», «Ойласу» айдарымен «Уақыттың қадірін білсек», «Жауһар жыр» айдарымен «Сүйемін елімді», «Тарихи тұлға» айдарымен «Бекет ата Мырзағұлұлы», «Өмірі өнеге» айдарымен «Әбдірақым молда Тағайұлы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Келін түсіру», «Шүкірлік» айдарымен «Әлемге ой көзімен қарасақ», «Таным» айдарымен «Ақырзаман белгілері», «Білгенге маржан» айдарымен «Сапалы ауыз су», «Сіз білесіз бе» айдарымен «Ана сүті – ем!», «Энциклопедиялық мәліметтер», «Абайла да сақтан» айдарымен «Қорқордың зияны», «Ойпыр-ай, ә?!» айдарымен «13 саны қатерлі ме?» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. 

Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.

 

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.  

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С   KZ 288560000005684077

АО    «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE  17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру