Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛАЛ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫНА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

17.11.2016 4409 0 пікір

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өтіп, «Халал» сертификатына ие болған компания басшыларымен алғашқы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев және 30-ға жуық компания басшылары қатысты. Кездесу барысында ҚМДБ төрағасы мен компания басшылары «Халал Даму» ЖШС-ның осы уақытқа дейіңгі атқарылған жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «Халал Даму» ЖШС-ның жеке сайты іске қосылып, қонақтар назарына ұсынылды.

Кездесу соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының компания басшыларына Алғыс хат табыстады.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру