Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

11.11.2016 4439 0 пікір

Алматыда тұңғыш рет ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған ХАЛАЛ өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қараша айының 11-12 күндері Алматы орталық мешітінің ауласында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспаларды өндіретін компаниялар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандартту бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру