Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІН ІСТЕРІ МИНИСТРІ ҚМДБ-НЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

10.11.2016 4407 0 пікір

Дін істері және азаматтық қоғам министрлі Нұрлан Ермекбаев кеше ҚМДБ-ның басшыларымен кездесу өткізді. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесу барысында жаңа басшы ҚМДБ-ның жұмысымен танысып, министрліктің алға қойған мақсат-міндеттерімен бөлісті.

Кездесу аясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекітілген төрт бағыт бойынша (уағыз-насихат жұмыстары, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары) осы кезге дейін атқарылған ауқымды шаралар жайында айтып берді. Сондай-ақ, былтырғы жылдың басты оқиғалары баяндалған арнайы видеобаян қойылып, қонақтар назарына ұсынылды.

Кездесу аясында министр Нұрлан Ермекбаев баяндама жасап, жаңа министрліктің алға қойған жоспар-мақсаттарымен бөлісті. Еліміздегі діни ахуалды тілге тиек еткен министр мырза салафизм ағымымен күрес жұмыстарын күшейтуді баса айтты. Сондай-ақ, діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы зайырлылық қағидалары секілді тақырыптар да қозғап өтті.

Кездесу барысында аталмыш мәселелер бойынша ҚМДБ-ның басшылары мен министрлік өкілдерінің түрлі ұсыныстары тыңдалып, жұмыс жоспары талқыланды.

 

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру