Бүгін Алматыда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының кеңейтілген жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде дәріс өткізіп, халықтың діни сауаттылығын арттыру жолында қызмет еткен білікті мамандардың жиынына Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров қатысып, РАНТ мүшелерінің жұмысына өз пікірлерін білдірді.
«Қай уақытта болмасын діннің асыл құндылықтарын халыққа жеткізіп отырған ауызы дуалы абыздар мен дін қайраткерлері болған. Мәселен, дәстүрлі исламды уағыздаған кешегі Марал Ишан, Науан Хазрет, Сәдуақас Ғылмани сынды діни қайраткерлер әлі күнге ел есінде. Бұл үрдістің сабақтастығын үзбей жүрген қазіргі қоғамда имамдар мен ғалымдарымыз бар. Білікті мамандардан Республикалық ақпараттық-насихат тобы құрылып, қоғамға дініміз Исламның құндылықтарын жеткізіп келеді. Бүгінде РАНТ мен ЖАНТ Дін істері комитеті, Облыс әкімдіктері, Дін істері басқармалары, мемлекеттік емес ұйымдармен байланыса отырып жемісті жұмысын жүргізіп келеді. Осы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын әлі де жандандыра беруіміз қажет», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Айта кетсек, ақпараттық топ мүшелері 2013 жылы 299 500 тұлғаны қамтыса, 2014 жылы оның саны 1 068 005 тұлғаға көтерілген. 2015 жылы РАНТ мен ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен 41 517 кездесу өткізіліп, 1 648 163 азамат қамтылды. Ақпараттық жұмыстың тағы бір нәтижелі корсетіші 802 тұлғаның жат ағымдардың жетегінен дәстүрлі жолға қайтуы. Сонымен қатар, топ мүшелерінің қолдануына арналған «Дін – насихат» әдістемелік құралы жарық көрді.
Жиналыс барысында өңірлердегі діни ахуалды көзімен көріп қайтқан РАНТ мүшелерінің түрлі ұсыныстары талқыланып, алдағы уақытқа нақты жоспарлар бекітілді.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2016
4936
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру