Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Семейге жұмыс сапарымен барды (ФОТО)

01.11.2016 3920 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Семей қаласына іс-сапармен барды. Кездесуге ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және қала имамдары қатысты.

ҚМДБ төрағасы халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатын қасиетті дініміз бен дәстүрімізді дәріптейтін ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп жатқан «Дін және дәстүр» рухани жобасы 2018 жылға дейін жалғасын табатынын атап  өтті.

«Діни басқарманың жергілікті жерлердегі өкілдері – мешіт имамдары тек дін саласында ғана емес, өзге де салаларда да өз білім-біліктіліктерін артырулары тиіс. Елбасы ел халқының алдына келелі міндеттер қоюда.  Мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жасалып жатқан игілікті істерімізді одан әрі жалғастыру қажеттігін жұртшылыққа ұғындыру да діни қызметшілердің – бір міндеті. Мешіт қызметшілері исламдағы дәстүрлі бағытымыз бен түрлі теріс ағымдардың ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек», - деді  Ержан қажы Малғажыұлы.        

Сонымен қатар, Бас мүфти имамдарға Републикалық бірінші имамдар форумында бекітілген басты құжат – Тұғырнаманы нақты жүзеге асыру, еліміздегі мешіт имамдарының атқаратын төрт бағыттағы іс-шараларды әрқашан басты назарда ұстау және тағы басқадай мәселелер тұрғысында келелі кеңестер берді.

Діни қызметшілердің өзара тығыз байланыста болып, қызметте де, отбасылық өмірде де бір-бірлеріне сүйеу болып, ұжымның береке-бірлігін арттыру мақсатында әртүрлі рухани-мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыра білудің де маңызын ескертіп, соңында имамдардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді. Семейлік мешіт имамдарының атқарып жатқан жауапты да сауапты қызметтеріне табыс тіледі. 

 

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру