
Басылымның қараша айындағы саны жарық көрді. Онда жарияланған материалдарға қысқаша тоқталайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Жанға жігер, дінге демеу» деген мақаласымен ашылған. Одан әрі «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Дұха» сүресі», «Уағыз» айдарымен «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Наурызбай Өтпеновтің «Құран – мәңгі мұғжиза», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Амалдар ниетке байланысты», «Ұлағат» айдарымен «Өсиет», «Зерде» айдарымен «Діни терминдер», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Уахиға дейін», «Даналық» айдарымен «Адамды танудың үш белгісі», «Ғибадат» айдарымен «Дәрет, ғұсыл, тәйәммумнің пайдасы», «Парыз» айдарымен «Күмістің зекеті қандай?», «Дін – тәрбие» айдарымен «Ата-анаға қамқорлық», «Таным» айдарымен «Сүннеттің мәні», «Насихат» айдарымен «Әууал намаз турасында» мақалалары жарық көрді.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланды. Атап айтқанда:
«Білгенге маржан» айдарымен «Кедейлікке не себеп?», «Сүйсініс» айдарымен «Меккені басқарған қазақ», «Тағылым» айдарымен «Домалақ ана», «Атаның сөзі – ақылдың көзі» айдарымен «Имансыздық адамды бұзып, елді бүлдіреді», «Сұқбат: сараптама» айдарымен «Сәләфилердің көздегені не?», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Ғаламтор бизнесі туралы не дейсіз?», «Ой салу» айдарымен «Тәрбиеге кім мұқтаж?», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Адал ет жегіңіз келсе», «Ақиреттік өмір», «Тылсым» айдарымен «Дарыған дұға», «Намыс» айдарымен «Ажырасу – ұят», «Салт-дәстүр» айдарымен «Есім қою», «Таным» айдарымен «Пенде қайтыс болғаннан кейінгі жағдай», «Жаманнан жирен» айдарымен «8 жағымсыз әдет», «Шипа – Алладан» айдарымен «Қара зере – дертке дауа» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2016
4262
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру