Мұсылман бауырларымыздың сұрақтарына сәйкес Қазақтандағы KFC мейрамханалары туралы ақпаратты толықтырып қайта назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың наурыз айында KFC мейрамханасының тағамдарына жасалған сараптама нәтижесінде Діни басқарманың халал сертификаты берілген болатын.
Бүгінгі таңда республика аумағында 32 KFC мейрамханасы халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қарағанды қалаларында орналасқан.
1. КФС тауығына Ресей мұсылмандары діни басқармасының сертификаты берілген.
2. Ресейлік əріптес бауырлардың нақты берілгені жөнінде ақпарат алынып, біздің халал өнімдерімізге бекіткен стандарттарға толық сай келетініне көзімізді жеткіздік.
3. Біздің стандартта əрбір тауық қолмен бауыздалуы тиіс. Және сол тауықтардың жейтін жеміне назар аударамыз. Олардың жейтін жемінің құрамы Костный мука мен қоректендірілмейді.
4. Ресейдің Курск қаласының Белая ПТИЦА құс фабрикасының тауықтары.
5. Тасылмалдау аса маңызды. Сол көліктердің əр бір партиясына айы күні жылы және мөр соғылады. Жіберілген əр бір партия сол фабрикаға бекітілген діни қызметкер бақылап тұрады.
Елімізге жеткізілген шикізат осында маринадталады.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2016
7126
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру