.jpeg)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасында өткен «Мұсылман пәтуаларын ғылыми оқыту» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Президент Абдель Фаттах Әл Сисидің қолдауымен Каир қаласында өткен халықаралық басқосуға Орта Азия елдерімен қоса араб мемлекеттерінің Бас мүфтилері, белгілі ғалымдар, пәтуа шығару саласының білгір мамандары қатысты.
Конференция жұмысында қазіргі әлемдік діни ахуал, адамзат баласына қиянат келтіріп жатқан діни ағымдардың қауіптілігі жайлы баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар, діннің төңірегінде туындаған терең мәселелерге қатысты пәтуалар шығару, біртұтас пәтуалар базасын құру, дін көшбасшыларының әлемдік тұрақтылықты нығайтуға қосатын үлесі туралы сөз болды.
Muftyat.kz
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2016
3750
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру