Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: «СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

19.10.2016 4733 0 пікір

Алматыда ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын Ресей Федерациясы Киров қаласының ірі кондитерлік фабрикасы «Аструм-М» ЖШС-на «Халал» сертификатын табыстады. Осы уақытқа дейін кәсіпорынның жұмысы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бекіткен халал ережесіне сай сараптамадан өткен болатын.

«Аструм-М» ЖШС-ның «Сладкая Слобода» сауда белгісімен шығаратын печенье, вафли және т.б. кондитерлік өнімдері Халал талаптарына сай екені анықталған. Өнімдері генді-молекулярлық зертханада текесерістен өткен, ГМО және тыйым салынған қоспалар құрамы қосылмаған.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 67 кәсіпорынға Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру