
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияға ресми сапармен барды.
Сапар аясында Бас мүфти Еуразиялық Ислам ұйымының ІХ саммитіне қатысты. Ыстамбұл қаласында «Еуразия аумағында Ислам дінінің болашағы және дінді қанаушы қозғалыстар» деген атаумен өтіп жатқан халықаралық басқосуға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Косова, Қапқаз, Дағыстан, Молдава, Литва, Эстония, Македония, Бұлғария, Хорватия, Румыния, Словения, т.б. елдердің Бас мүфтилері, ғалымдары қатысуда.
ІХ саммит аясында «Еуразияда діни сана қалыптастырған ұйымдар», «Жаңа БАҚ және діннің қаналуы», «ИШИМ – жаһандық қауіп және зорлық-зомбылық қозғалысы», «Жаһандық қауіп ретінде радикалды діни ағымдар әрекетінің Еуразия аймағындағы көрінісі», «Дінді қанаушы топтардың алдын алу жолдары және ұсыныстар» атты секция тақырыптары бойынша баяндамалар жасалып, талқылаулар болмақ.
Саммит жұмысы 14 қазанға дейін созылады.
www.muftyat.kz
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2016
5453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру