Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти имамдарға дәріс өтті (фото)

06.10.2016 4504 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төарағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында «тамыз-қазан» айы оқу легінде білім алып жатқан еліміздің түрлі облыстарынан және көршілес жатқан Моңғолия елінен келген 50-ден астам имам-молдалармен кездесіп, дәріс өтті.

Дәріс барысында қоғамда қызу талқыланып жүрген неке, мирас сынды тақырыптар талқыланып, Бас мүфти имамның тұлғалық бейнесіне кеңінен тоқталды. Әрі діни күрделі мәселелерге жауап берерде әсте асығыс шешім қабылдамау керектігін ескертті.

Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы сабақ соңында Діни басқарма төрағасының сеніп тапсырған аманаты – еліміздің имамдарының білімі мен біліктілігін көтеру сынды жауапты да сауабы мол, абыройлы істің алдағы уақытты да зор жетістіктер мен жемісін беретініне сенім білдіре отырып, Ержан қажы Малғажыұлына зор денсаулық пен дін үшін жасап жатқан еңбектерінде табыстар тіледі.

Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру