Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үйге сертификат берілді (фото)

06.10.2016 5170 0 пікір

Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үйге сертификат берілді. Қонақ үй әкімшілігінің өтінішіне орай ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі аталмыш мекемені тексеруден өткізді.

Шариғат талаптарына сай әлемдік стандарттарға толық жауап бере алатын қонақ үйге сертификатты "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.

Қонақ үй халал асхана, намазхана, әр бөлмеде Құран және жайнамазбен жабдықталған. Спирттік ішімдіктер ішуге, алып келуге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, қонақ үй аз уақытқа жалға берілмейді және ер азамат пен әйел азаматтың құжаттары талап етіледі.

Мекен-жайы Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 ықшамауданы, Жұмабаев пен Палладина көшелерінің қиылысында орналасқан.

 

ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру