«Ауқымды түсіндірме жұмыстары» тобымен Ақтөбе қаласына арнайы келген ҚМДБ басшылары 2016 жылдың 30 қыркүйегі мен 01 қазан аралығында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысы имамдарының біліктілігін бағамдау үшін сараптау аттестациясын жүргізді.
Сараптама қорытындысы төмендегідей:
Ақтөбе облысына қарасты мешіттерде қызмет ететін 61 діни қызметкер сараптау аттестациясына қатысты. «Өте жақсы» тапсырғандар саны – 9. «Жақсыға» жауап бергендер саны – 22. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 20. Ал 10 адам сынақтан сүрінді. Лауазымына лайықсыз деп танылғандарға қатысты алдағы уақытта діни басқарма нақты шешім қабылдайтын болады. Сондай-ақ, 4 имам денсаулығына, 7 имам білім жетілдіру курстарда болуына және 3 имам отбасылық жағдайларына байланысты сараптау аттестациясына қатыса алмады.
Облыс бойынша алдағы уақытта мешіттерде атқарып келе жатқан дін мамандарының жұмыстарын одан әрі жандандыра түсу мақсатында аттестациялау комииссиясының шешімі негізінде ротациялау (ауыстыру) жұмыстары жүргізілмек.
ҚМДБ орталық аппараты
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.10.2016
4916
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру