
Басылымның қазан айындағы саны жарық көрді. Онда жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дін ғұламалары өсіп келеді» деген мақаласымен ашылған. Одан әрі «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Инширах» сүресі», «Сүйсініс» айдарымен «Аллаға шүкір етейік», «Уағыз» айдарымен «Ең қайырлы іс», «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Ықылас – имандылық белгісі», «Парыз» айдарымен «Зекеті берілетін мал-мүлік», «Ақида» айдарымен «Қабір өмірі – барзах әлемі», «Білгенге маржан» айдарымен «Сүннеттің дініміздегі орны», «Салт-дәстүр» айдарымен «Әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні», «Өнеге» айдарымен «Әбу Ханифаның өсиеттері», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Несие беретін мекемеде жұмыс істеуіме бола ма?», «Сұқбат» айдарымен «Қазақ ешқашан фанат болмаған», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысайық», «Насихат» айдарымен «Әъмал заһир турасында» мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланды. Атап айтқанда:
«Даналық» айдарымен «Үш би: батасы мен нақылы», «Тағылым» айдарымен «Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы», «Әдеп» айдарымен «Сіз қалай ұйықтайсыз?», «Шипа Алладан» айдарымен «Зәйтүн қандай жеміс?», «Ұлағат» айдарымен «Жақсылыққа жақсылық», «Құран қиссалары» айдарымен «Мысырға сапар және зәмзәм суы», «Дін - тәрбие» айдарымен «Күнәдан арылу», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Есте сақтауды жақсарту жолы», «Ғибратнама» айдарымен «Аурудың емі», «Абайла да сақтан» айдарымен «Күнә ізгіліктен алыстатады», «Таным» айдарымен «Ақырзаманның белгілері», «Боямасыз болмыс» айдарымен «Мен әлі жас едім ғой?!..» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.09.2016
3701
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру