Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Қажылық Миссиясының құрамында ақпараттық қызмет көрсеткен БАҚ өкілдері мен қажылардың денсаулығын қадағалаған дәрігерлерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Кездесуге ҚМДБ қажылық бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек қатысты.
Бас мүфти Қазақстан Қажылық миссиясының қажылық маусымында атқарған жұмыстары жайында әңгіме өрбітіп, алғысын жеткізді.
«Қажылық маусымы – жылына бір рет келетін ұлы құлшылық. Қажылық парызын өтеу – үлкен қуаныш, Алланың шексіз нығметі. Сіздер елімізден қажылығын өтеуге барған азаматтардың құлшылығын толық орындап, аман-есен қайтуын қамтамасыз еттіңіздер. Биыл Миссияның құрамындағы 14 дәрігер 500-ден астам қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, 50 имам түсіндіру жұмыстарымен айналысып, БАҚ өкілдері ақпараттық қызмет көрсетті. Миссия расында үлкен жұмыс атқарды. Сіздерге шынайы алғысымды білдерімін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Айта кетсек, биыл елімізден 3000 мұсылман қажылық парызын өтеп қайтты. Қажылық маусымында адам шығыны тіркелмеген.
ҚМДБ баспасөз қызметі
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2016
4081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру