Қажылыққа аттанған отандастарымыз кесте бойынша Мекке мен Мәдинадан Астана, Алматы, Шымкент қалаларына тікелей рейстермен жеткізілуде.
18-19 күн бойы қасиетті мекенде қажылық парызын орындаған отандастарымыздың кезекті легі, нақтырақ айтсақ 350-ден астамы кедендік бақылаудан өтіп, жақындарымен қуана қауышты. Қажылардың пікірінше, қасиетті сапар сәтті өтті.
«Мұның алдында барған елдер айтатын «адасып кеттік», «жығылып қалдық» деген сияқты ештеңе болған жоқ. Қажылық Миссия басшылары қал-жағдайымызды біліп, тексеріп отырды. Топ жетекшілері барлық көмекті көрсетті. Қажылық парызымызды аман-есен орындап келдік», – дейді Майра Бекенқызы.
Қажылық Миссиясы қазақстандық қажылардың аман-есен елге оралуына барлық жағдай жасап, қауіпсіздік шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, Миссиясының құрамындағы медицина саласының білікті мамандары да көмек көрсетуде.
«Қажылық сапарымызды Мәдина қаласынан бастадық. Алдымен, Пайғамбарымыздың қабірін зиярат етіп, одан кейін үлкен қажылығымызды өтеу үшін Меккеге аттандық. Жетпіске келген жасымда қажылықтың барлық шарттарын орындай аламын ба? деп қорқып едім. Алланың қалауымен қасиетті сапарға барып келіп отырмын. Алла Тағала қажылығымызды қабыл етсін! Қажылыққа бармағандарға барыңдар деп өсиет айтамын», – деді қажы Омарғазы Түсіпбеков.
Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.09.2016
4127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру