Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы мерекелік көңіл-күй сыйлады (фото)

19.09.2016 4775 0 пікір

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Фирдаус» халал мейрамханасында әйел жамағаты мен мұқтаж жандарға мерекенің құрметіне орай «Құрбан айт құтты болсын! Айттық бізден болсын» қайырымдылық дастарханы жайылып, 35 отбасыға құрбандық еттері таратылды. Осымен қатар, ертегілер әлеміндегі кейіпкерлердің бейнесінде киінген аниматорлар  келіп балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сектор меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хаз3реттің сәлемі мен құттықтауын жеткізді. Осы игі шараға атсалысқан қайырымды жандарға алғысын айтты. Дастархан басында, әрине, рухани азық та ұмыт қалмай, асыл дініміздің мейірімділігі, бауырмашылдығы және көркемділігі жайында тұщымды уағыз айтылды.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру