
Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған Балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне ат басын тіреп, балақайларға қуаныш сыйлады.
Арнайы осы орталыққа келіп, тыныс-тіршілігімен танысқан Бас мүфти сәбилерге мейірімін төгіп, тәрбиеші апайлармен ұзақ сұхбаттасты. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, игілік пен мейірімге толы мейрамды «Балалар үйіндегі» балақайлар шаттыққа толы өткізсін деген ниетпен әкелінген сыйлықтар таратып, ойыншықтар үлестірілді.
Мекеме қызметкерлеріне де өз алғысын білдіріп, «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесінен» жиналған қаржыны арнайы тарту етті. Мекеме басшылары да бас мүфтиді дастарханнан дәм ауыз тиюге шақырып, батасын алуға асықты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.09.2016
3842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру