Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

12.09.2016 4133 0 пікір

Астана-Қосшы жолындағы «Алтын таға» мал базарында құрбандық шалу рәсімі айт намазынан соң басталып та кетті. Астана мешіттерінде ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында жиналған ірі қара малы осы жерде сойылып, құрбандық еттері арнайы пакеттерге бөлініп салынады.

Игі шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қатысып, құрбандық шалып, бата жасады. Сондай-ақ, акцияға қатысушы жамағатқа ізгі лебізін білдіріп, шалған құрбандықтары мен жасаған амал-әрекеттерінің қабыл болуын тіледі.

Бұдан кейін базар басында акцияға қатысушы жамағатқа арналып жайылған айттық дастарханынан дәм ауыз тиіп, жиналған қауымға ақ тілегін білдірді. Журналисттер қауымымен арнайы сұхбат жүргізіп, барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен тағы бір мәрте құттықтап өтті.

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру