Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ АРАПАҒА БЕТ ТҮЗЕДІ

11.09.2016 4262 0 пікір

Бүгін Меккеге үлкен қажылығын өтеуге келген барша мұсылман таң алакеуімнен Арапат алқабына  аттанды.

Қасиетті мекенге келген  бауырларымыз әр сәтін құлшылықпен өткізуде.  Бұл қасиетті мекенде Жаратушыдан тілеген тілектің барлығы қабыл болады деген Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын). Сондықтан, Арападағы қажылар отбасы мен туған-туыстың амандығын тілеп, елі үшін дұға жасауда. Тіптен Рахма тауына көтеріліп жатқандар да бар.

ҚМДБ Қажылық Миссиясының жауапты өкілі Бауыржан Әлиұлы бұл мекендегі бір күндік құлшылық отыз күнге тең келеді дейді.

"Бұл күн өте ерекше. Өйткені, бүгін Арапатта тұрған мұсылманның бір күндік құлшылығы 30 күнге теңкеледі.

Мұндағы құлшылық сәскеден күн ұясына батқанша жалғасады. Және осы аралықтағы дұға-тілектің барлығын Алла қабыл етеді. Егер кімде-кім Арапатта бір сәт те тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен салауаты болсын) бір хадисінде: "Қажылық дегеніміз - Арапат. Кімде-кім Арапатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады", делінген.

Арапа күнінен кейінгі, Зүлхижа айының 10-жұлдызында - Меккеге барған тәуапшылар қажылық парыздың соңғы жорасы - Құрбан айт мейрамының шарттарын орындайды.

Биыл Арапатта ҚМДБ Қажылық Миссиягсының ұйымдастыруымен қажыларға уағыз-насихат айтылып, денсаулығын қадағадау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қасиетті мекенде Діни басқарманың ұйымдастыруымен барша Қазақстандық қажылар бір мезетте, бір ниетпен елдің тыныштығы мен амандығын тілеп, дұға жасады.

Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру