Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МИССИЯНЫҢ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУЫНДА (ФОТО)

09.09.2016 4764 0 пікір

Бұл туралы ҚМДБ қажылық миссиясының төрағасы Бейбіт Мырзагелдиев Мекке қаласындағы қажылық компанияларының қызметімен, қонақүйлердегі жерлестеріміздің ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысу барысында айтты.

Қажылық Миссиясының төрағасы Бейбіт Мырзагелдиев қажылармен кездесіп, ахуалымен танысты, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


«Қажылардың денсаулығын қадағалау жұмыстары дәрігерлер тобының жетекшісі Руслан Ізбасаров мырзаға, уағыз айту, пәтуа беру, түсіндірме іс-шаралары ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлына, ал жалпы жұмыстарды үйлестіру ісі Қажылық бөлімінің меңгерушісі орынбасары Қанат Бекжанов пен Мешіт істері бөлімінің басшысы Жәнділлә Бекжігітовке жүктелді. Бұл мамандар қажыларымыздың қауіпсіздігін бақылау үшін кәсіби біліктілігімізді сарп етуде. Қазақстан Қажылық Миссиясының мүшелері қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күш-жігерін салуда. Бұл Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы», – деді Бейбіт Мырзагелдиев.


Тексеру жұмыстары «Хикмет тревл», «Қызмет саяхат», «Нұр-Қазақстан» т.б. қажылық компанияларына жүргізілді. Компаниялардың қауіпсіздік талаптарын мұқият сақтауы, сервистік қызмет көрсету сапасы мен уағыз-насихат айту деңгейі тексерілді.

Биыл Астана, Алматы, Шымкент бағыты бойынша жүзеге асқан тікелей рейс Қазақстан қажылары үшін тиімді болды деп ашық айтуға болады. Бүгінде қажылар Мекке қаласына толық жеткізілді. Қасиетті қажылық 10-қыркүйек күні басталады.

ҚМДБ Қажылық Миссиясы қажылық компанияларының жұмыстарын жіті бақылау, тексеру құқығына ие. Бүгінде елімізден барған 3 мың отандасымызға 10 қажылық компания қызмет көрсетуде.


Айта кетсек, Мекке шаһарында уағызшыларды, дінтанушы-ғалымдарды, имамдарды, дәрігерлерді, журналистерді ортақ іске, бір мүдде мен мақсатқа біріктірген Қажылық Миссиясының жұмысы жалғасуда.

ҚМДБ Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру