Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таусамалы базары қасапшыларына семинар өткізіліп, сертификат табысталды

08.09.2016 3807 0 пікір

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Таусамалы базарында орналасқан қасапхана қасапшыларына кезекті оқу-семинары өткізілді. Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ержан Назарбек, бөлім сарапшысы Алмагуль Қуанышқызы және Таусамалы базарының қасапшылары қатысты.

Қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымыздан алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі, үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді.

ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу – семинарын тәмәмдағандығын растайтын құжат табысталды.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру