Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесіп, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айтты.
«Бауырлас елдің қайғысына баршамыз ортақпыз. Алла Тағала қайғының артын қайырлы етсін», – деді Бас мүфти.
Кездесуде Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет марқұмның рухына арнап Құран бағыштады.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.09.2016
4391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру