ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы) мүшесі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы Көкшетау қаласының «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығының шақыртуымен Ақмола облысының «Науан Хазірет» орталық мешіті мен Есіл ауданының орталық мешіті ұстаздары және әйел жамағаттарымен кездесіп, оларға діни терроризм мен экстремизмнің, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау бойынша екі күндік дәріс оқыды. Кездесуде жамағаттың дін саласындағы түрлі сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.
Шыны керек, соңғы уақыттарда әйелдердің де теріс пиғылды діни ағымдардың қатарында бой көрсетуі қоғамды алаңдатуда. Кейінгі жылдары мұсылман елдерінде әйелдер мен жас өспірім балаларды лаңкестік әрекеттерге тарту фактілері жиі тіркелуде.
Елімізде әйелдер мен балаларды теріс пиғылды топтардың зияндарынан қорғау, оларға дәстүрлі Ислам құндылықтарын дініміз бен дәстүрімізді сабақтастыра отырып насихаттау, жас өспірімдер арасында елімізге, отанымызға деген сүйспеншілік сезімдерінің нығаюын қамтамсыз ету, ұрпақ тәрбиесінде ата-әже институтын жаңғырту қазіргі күннің маңызды мәселесіне айналуда.
Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөзіне сүйенсек, келешек қоғамның тәрбиесі, оның қандай болмағы осы аналардың балаларға қандай тәрбие береріне байланысты болмақ.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.09.2016
6368
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру