Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Қажылық Миссиясының жұмысы талқыланды

29.08.2016 3978 0 пікір

 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен ҚМДБ Қажылық Миссиясының ұлық сапар - қажылыққа дайындық жұмыстары талқыланды. 

«Жылдағы дәстүрге орай қажыларға Діни басқарманың білікті дін ғалымдары қызмет көрсетеді. Мақсат - ұлық сапарда құлшылық жасаушыларға уағыз-насихат жүргізу, қажылықты атқарудың мәні мен маңызын, рәсімін түсіндіру. Сонымен бірге, қажыларға дәрігерлер медициналық  көмек көрсетеді. Еліміздің телеарна журналистері қажылықтан тікелей ақпарат тарататын болады. Бұл жауапкершілігі мол міндет. Халыққа қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Алла Тағала құлшылықтарыңызды, игі сауапты жұмыстарымызды қабыл еткей!» - деді Бейбіт Мырзагелдиев.

ҚМДБ Қажылық Миссиясының құрамында 18 адам жұмыс істейді. Биыл елімізден 3000 азамат қажылық парыздарын өтеп қайтады.Айта кетсек, Еліміздің қажылары биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Жидда (яғни, Мекке қаласына) бағыты бойынша тікелей рейс арқылы ұшады.30 - тамыз алғашқы қажылар легі Шымкент қаласынан ұлық сапарға аттанады. Қажыларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз шығарып салады деп күтілуде. 


ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру