Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА (ФОТО)

06.07.2016 5005 0 пікір

Дана халқымыздың «Аурудың емі – саудың сәлемі» дегеніндей көңілі жарым-жан болған науқасты зиярат етіп, сәлем беру рухани демеу болып табылады. Адам қиналғанында мейлі жас, мейлі қарт болсын жанына демеу, көңіліне медеу болар айналысынан ең болмағанда бір жылы сөз, жылы шырай күтетіні белгілі. Бұл асыл дініміз Исламның да әдебі. Әсіресе, мерекелік күндері бұның маңыздылығы одан сайын арта түспек.

Сондықтан да, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хазіреті Әбу Хурайрадан келген құдси хадисінде Алла Тағала қиямет күні былай дейді екен: «Уа, адам баласы! Мен ауырдым. Сен мені неге зиярат етпедің?» Сонда адамдар: «Сен бүкіл ғаламдардың Раббысы болсаң, Сені қалай зиярат етеміз?» дейді. Сонда Алла Тағала: «Пәлен құлым дертке шалдықты. Оны зиярат етпедің. Соған барғанда, мені сол жерден табар едің». (Мүслім, Бирр 43)  

Міне, осы орайда, айттың алғашқы күні ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы ҚМДБ корпаративтік «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігімен бірлесе отырып елорадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы онкология бөлімінің емделуші балаларына «Ораза айт құтты болсын! Айттық бізден болсын!» деген тақырыппен қайырымдылық-мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Ізгі шара аясында бүлдіршіндерге түрлі-түсті ойыншықтар сыйға тартылып, ертегілер кейіпіндегі аниматорлар балаларға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жақсы сөз жарым ырыс дегендей ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы орталық емделушілеріне науқсатарынан тез айығып кетулерін Алладан тілеп, оларды Ораза айттарымен құттықтады.

Қайырымдылық жасаушылардың жоспары бойынша еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама да әзірленген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, орталық тарапынан белгілі бір себептерге байланысты концерт кейінге шегерілді. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру