Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАДІР ТҮНІНДЕ АСТАНА МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

05.07.2016 3705 0 пікір

Шілде айының 1-нен 2-не қараған түні Астана қаласының жұртшылығы қасиетті Қадір түнін қарсы алды.

Қадір кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

Мешітке насихат тыңдауға келген қауым имамдар айтқан уағызды тыңдады. Сондай-ақ,  мешіт  қызыметкерлері жиналған жамағатқа діни сауаттылығын артыруға бағытталған бейне фильмдер мен бағдарламалар көрсетті.

«Алла Тағала Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрімді түсірді. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал, мың ай сексен үш жылға тең келеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп үмбетін сүйіншілеген. Алла Тағала ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», – деп бата жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру