
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғандығы мәлім. Осыған орай ҚМДБ биылғы жылы «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, көрікіндегі сән-салтанатымен қоса, ауласының таза, ретті, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Аталған бәйге 2 деңгейде өтті.
І. Қала, аудан мешіттері деңгейінде;
ІІ. Ауыл мешіттері деңгейінде.
Әр өңір 2 деңгейдегі мешіттер арасынан, 1, 2, 3-ші орын алған мешіттерді анықтаған болатын.
ҚМДБ өз кезегінде арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3 орындарды анықтады.
Аудандық, қалалық деңгей бойынша:
1-орын: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы орталық «Нұғыман» мешті;
2-орын: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті;
3-орын: Қостанай облысы, Қарабалық кенітіндегі «Ғашура ана» мешіті.
Ауылдық деңгей бойынша:
1-орын: Талдықорған өңірі, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы «Имам ағзам» мешіті;
2-орын: Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты, Нағи Ілиясов ауылы «Айтбай» мешіті;
3-орын(екеу): Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылдық «Үкібай Абдрахманұлы» мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Ұшбұлақ ауылдық мешіті.
«Көрікті мешіт 2016» байқауының жеңімпаз 7 мешіттің имамдарына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан үлкен қажылық тарту етіледі.
Аудандық, қалалық деңгей
Бірінші орын: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы орталық Нұғыман мешіті
![]()
![]()
![]()
Екінші орын: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті
![]()
Үшінші орын: Қостанай облысы, Қарабалық кенітіндегі «Ғашура ана» мешіті
Ауылдық деңгей
Ауылдық деңгей бойынша бірінші орын біреу, екінші орын біреу, үшінші орын екеу.
Бірінші орын: Талдықорған өңірі Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылы «Имам ағзам» мешіті
![]()
Екінші орын: Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты, Нағи Ілиясов ауылы «Айтбай» мешіті;
![]()
Үшінші орын: Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылдық Үкібай Абдрахманұлы мешіті;
Үшінші орын: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Ұшбұлақ ауылдық мешіті
«Көрікті мешіт 2016» байқауында жүлделі орын алған мешіттердің толық мәліметтері мен фотоларын кейінгі уақытта толық жариялайтын боламыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2016
9084
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру