Бүгін «Epok-Epok. Taste of Malaysia» Малайзия тағамдары кафесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алды.
Халал сертификатын кафе директоры Лаура Дәулетқызына ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.
Кездесу барысында, Ануар Ізімбайұлы халыққа адал ас ұсынуды сауабы мен игілігі мол екенін айтып, кәсіпорынның жұмысына табыстар тіледі.
Сонымен қатар, Діни басқарманың сертификатын алуға ниет білдірген «Алатау-құс», өндірістік-сауда компаниясымен жұмыс жалғасуда, консультациялар мен семинарлар өткізілуде. Алдағы уақытта шариғат талаптары толық орындалған және орындалуы қамтамасыз етілген өндіріс орындарына халал сертификаты берілетін болады.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2016
4145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру