Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыда «Рамазан – сыйы» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шарасын жасады. Игі шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, отбасыларға азық-түлік және қаражылай мерекелік сый тарту етті.
Шара барысында 200 отбасына бір айлық азық түлік және 100 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы алғанда 1,000 литр сұйық май, 2,000 кг. ұн, 1,000 кг. қант, 1,000 кг. күріш, 1,400 кг. макарон берілді.
«Діни басқарма мен Алматы орталық мешіті бізді ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Рамазан айында, Ораза айт пен Құрбан айтта, балалар мектепке баратын кезде қолдау көрсетіп қайырымдылық шарасын өткізіп тұрады. Игі іске бастамашы болып жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз», – деді Зәуреш Әлиева.
Айта кеткен жөн, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздің имам-молдалары 4 бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық іс-шараларын жиі ұйымдастыру. Рамазан айының құрметіне орай жасалған қайырымдылық шарасы әр өңірде жалғасын табуда.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни салада басымдық беретін бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Биылда Рамазан айының құрметіне орай Республика бойынша барлық мешіттер қазақтың асар деген ұғымын тірілтіп, ірі көлемдегі әр түрлі бағытта қайырымдылық шаралар мен ауызашарлар өткізіп жатыр. Бүгінде Алматы қаласының 200 отбасына азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетіліп отыр», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2016
5315
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру