Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шолу: «Иман» журналының жаңа саны шықты

28.06.2016 3784 0 пікір

Басылымның шілде айындағы санында жарияланған материалдар мен қысқаша таныстырайық. Журнал «Уақыт үні: мәлімдеме, үндеу» айдарымен  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәлімдемесі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймыз» деген үндеуімен ашылған. Одан әрі «Уақыт үні: пікірлер» айдарымен еліміздегі белгілі тұлғалардың «Ел азаматтары: Лаңкестікке лағынет» деген пікірлер топтамасы жалғасады. «Уақыт үні: сараптама» айдарымен де «Исламтанушылар жұмыссыз, имамдар жалақысыз» деген сараптамалық мақалалар жарияланған. «Уақыт үні: ой салу» айдарымен Қайрат Жолдыбайұлының «Жуас қарқыр бола ма?», «Уақыт үні» айдарымен Ерсін Әміре «Сәләфилер қай пәтуәны ұстанады?» және Сансызбай Шоқановтың «Имамға ерген лаңкес болмайды», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Бәйинә» сүресі»,  «Даналық» айдарымен «Құран Кәрімдегі өсиет», «Пәтуә» айдарымен «Етеккір қанын дәрімен тоқтату үкімі», «Уағыз» айдарымен «Отбасы ынтымағын сақтаңыз», «Сахих хадистер» айдарымен «Мұсылманды тамақтандыру сауап», «Батамен ел көгерер» айдарымен «Алла жар болсын!», «Әдеп» айдарымен «Дұғаның қабылдануына не кедергі?», «Тағылым» айдарымен «Төле би Әлібекұлы» деген тақырыптағы мақалалары жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланады. Атап айтқанда:

«Сүйсініс» айдарымен «Жәннаттың бақтары», «Сұхбат» айдарымен «Шариғатты да, заңда да құрметтейік», «Дін - тәрбие» айдарымен «Мешіттің артықшылығы», «Ғибрат» айдарымен «Тәуелсіздік діни тынысымызды ашты», «Ойласу» айдарымен «Қалжыңдап ретжітпеңіз», «Борыш» айдарымен «Ата-ана алдындағы міндетіміз», «Өнеге» айдарымен «Ізгі мұсылманның сипаты», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ата-анасы кәпір ме?», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысыңыз», «Салт-дәстүр» айдарымен «Қазақ әйелінің бас киімі», «Тарихи тағылым» айдарымен «Ахмед Иүгінеки», «Балаға дәріс» айдарымен «Иман ұстындары», «Ұсыныс» айдарымен «Түркі жазба тілін оқыту аса маңызды», «Білгенге маржан» айдарымен «Сауда-саттықтың 4 негізі», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Күнә қарғысқа ұшыратады», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Ұлыма үйретіңіз», «Тарихи тапқыр жауаптар» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу әлі жүріп жатқанын қалың оқырманымыздың қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке әр айдың 15-не дейін барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.

«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының  тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.

Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.

Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.  

Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізерде онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 15-не дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE     17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласа аласыз:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру