Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әйелдер-қыздар» секторы жұмысын ауызашармен бастады (ФОТО)

23.06.2016 4408 0 пікір

Жақында қасиетті Рамазан айының алғашқы күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен Діни басқарманың "Жалпы және жастар ісі" бөлімінен «Әйелдер-қыздар» секторы ашылған болатын.

Осыған орай, 21 маусым күні сектордың ең алғашқы жұмысы Астана қаласының әйелдер жамағатына «Мұмтаз» халал мейрамханасында «Берекелі Рамазан» атты қайырымдылық ауызашарын ұйымдастырумен басталды. Ауызашарға арнайы келіп қатысқан ҚМДБ-ның "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы аталмыш сектордың ашылудағы мәні мен мақсатын, алдағы атқаратын жұмыстарын, жоспарын баяндай келе, сектор меңгерушісі болып білікті исламтанушы ұстаз Ақбөпе Қанатқызы тағайындалғандығын көпшілікке жеткізді.


«Берекелі Рамазан» қайырымдылық ауызашарына түрлі саладағы танымал әйел тұлғалар да қатысты. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, әнші Қарақат Әбілдина, Астана қаласы Әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі Мөлдір Талғатқызы, ҚМДБ-ның Зекет қорының Астана қаласы өкілдігінің басшылары және Астана қаласының кәсіпкер әйелдері, қажы апалар мен жамағат қатысты. Белсенді қажы апалар мен іскер әйелдер өкілдері сектор жұмысы Қазақстан әйелдеріне ортақ іс екендігін, оған қолдан келгенінше өз көмектерін көрсетіп отыратындықтарын алға тартып, осынау игі бастамаға сәттілік тілеп ақ баталарын берді. Жалпы ауызашарға 60-қа жуық әйелдер қамтылды. 

 

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру