Ақтау қаласындағы орталық мешітте өткен жиын барысында ҚМДБ төрағасы дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
«Біз халыққа дін туралы шынайы мәліметтерді жеткізуіміз керек. Әсіресе, жастарға. Олар көп жағдайда жат ағымдарға алданып қалады. Мәселен, ер адам әйел, бала-шағасын дін жолында тастап кетеді. Әйел мешітке жылап келіп, имамнан араша сұрайды. Бірақ Құранда және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзінде, Шариғатта дін үшін деп, отбасын қараусыз қалдыру туралы ештеңе жоқ», - деген ҚМДБ төрағасы бұл әрекеттердің барлығы діни адасушылықтан туындайтынына тоқталды. «Сондықтан, халықтың діни сауатын арттырып, әсіредіншілдік пен фанаттыққа жол бермеу керек. Бұл міндет ең алдымен имамдарға жүктеледі», - деді Е. Малғажыұлы.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.06.2016
4185
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру