Бұл туралы ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында атап өтті.
Белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді.
«Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді», – деп атап өтті Мұхан Исахан.
Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты ҮНДЕУ қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2016
5981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру